Қазіргі уақытта алаңдататын жайт, мектеп оқушылары мен жастар жат ағымның қармағына тез ілініп, соның салдарынан ата-ана, ұстаздары мен елінің ұстанымына қарсы шығуы.
«Жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияндарының» өзіндік ерекшеліктері:
- әлеуметтік тұрғыдан өзара көмек және қолдау көрсету;
- кішіпейілділік және тәуелсіздік сияқты құндылықтарды қолдай отырып, өз көзқарастары мен идеологияларын таратуға тырысу;
- кез келген жердегі мұқтаждық, жұмыссыздық, сауатсыздық және панасыздық сияқты әлеуметтік және экономикалық проблемаларды пайдалану;
- осы жердегі халықтардың, басынан кешіріп отырған қиын жағдайларды пайдалана отырып, өз қатарларына тартуға тырысу;
- әлеуметтік жағдайы нашар, ұлттық және рухани құндылықтарынан бейхабар жастарды өздері үшін мақсатты түрде миссионерлерге айналдыру;
- мемлекеттік төңкеріс, қайта құрулар болып жатқан елдерде жан-жақты ұйымдасу жұмыстарын жүргізу.
Қазан айында Аршалы ауданы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы “Сарбат-Ақжол “ оңалту орталығының теолог мамандары 8-11 сынып мектеп оқушылармен “Діни жат ағымнан сактану “ тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында тыңдаушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.