Ақмола облысы білім бөлімінің Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі И.Құтпан атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 16.10.24 күні ДТІЖО, “Инабат” қыздар ұйымы, мектеп психологы, ВОП дәрігер Құлтаева М.Б, мектеп медбикелерінің ұйымдастыруымен 9, 10, 11- сынып қыз балалары арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» пікірталас. Мақсаты: Ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбие көзін дәріптеу, қыз баланың бойында қалыптасатын ізгі құндылықтарды насихаттау. “Қызға 40 үйден тиым” тақырыбында дәрігер мен медбикелер сөз қозғады. Қыз баланың бүгінгі алған тәрбиесі болашаққа сілтер жол ретінде «Инабат» ұйымының төрайымы, психолог, әлеуметтік педагог, ДТІЖО өз пікірін білдірді. Қыздарымыз өте жоғары белсенділікпен қатысты, өз ойларын ашық білдірді.