«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
"Білімдіге дүние жарық"
Таным қуанышы: баланың қызыға оқуына қалай көмектесеміз?
2024 оқу жылы қазан айының 10 күні біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 1-4 сынып ата-аналарымен "Білімдіге дүние жарық" тақырыбында 2-сабағы өтілді.
Мақсаты: мектептің оқу процесіне 1-сыныптардың сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру, білімді ұрпақ – заман талабы екенін дағдылы көзқарасқа айналдыру
Міндеттері:
1. Баланың жеке басын дамытудағы тәрбие мен оқуға құштарлығының маңызы. «Білімді ұрпақ – заман талабы»
2. 1–сынып оқушыларының танымдық қабілеттерінің даму деңгейін және мектепке бейімделуін диагностикалау.
3. Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасау дағдыларын ұлттық мәдениет негізінде дамыту әдістері.
4. Үй тапсырмасы: көмектесеміз бе әлде...
5. Балалардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін отбасы мен мектептің өзара әрекеті.
Ұйымдастырушы ДТІЖО: Жакен М