«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі И.Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Анықтама
"Ақыл айтпа, жол көрсет"
Жасөспірімдердің бейімделуі
2024 оқу жылы қазан айының16 күні біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 5-9 сынып ата-аналарына "Ақыл айтпа, жол көрсет" тақырыбында 2-сабағы өткізілді.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, отбасы арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, жағымсыз әдеттерден бойларын алшақ ұстауға үйрету. Сапалы білім, саналы тәрбие, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Жасөспірімнің физиологиялық (тұрғыда) бейімделуі, оның іс-әрекетін жақсарту жағдайлары. Ұлттық тамақтану мәдениеті - жасөспірімнің физиологиялық бейімделуінің мүмкіндігін қалыптастыру.
2. Жасөспірімнің әлеуметтік-психологиялық бейімделуі: негізгі қиындықтар туралы ақпарат бөлісу.
3. «Өзіңді өзің сыйламасан, өзгеден сый дәметпе». Бейімделу процесіне жасөспірімнің өзін-өзі бағалауының әсері туралы айту.
4. Жасөспірімнің отбасындағы қарым-қатынас дағдыларын дамыту жайында түсіндіру
5. Жасөспірімнің табысты әлеуметтенуіндегі отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі жайында үйрету.
Ұйымдастырушы ДТІЖО: Жакен М