2024 жылы 21 қараша күні бастауыш сынып оқушыларының «Орыс тілі және әдебиеті онкүндігі» аясында «Ертегіде қонақта атты » әдеби-музыкалық қойылым болып өтті. Қойылымға орыс тілі пәні мұғалімдері Гульнар Естаевна, Алтынай Климовна, Раушан Қайноллақызы ұйымдастырып, 2 А, 3 Ә, 3 Б, 3 Г, 4 Ә, 4 Б, 4 В сынып оқушыларының дайындап, балалар өлендерін жаттатып , орыс халық ертегісі «Репка» , И.А. Крылов «Стрекоза и Муравей» мысалын қызықты қойылым шығып көрермен назарына ұсынды. Жібек жолы ауылы орыс мектебінен де кітапханашы Носач Татьяна Александровнаның ұйымдастыруымен оқушылар орыс халық «Колобок » ертегісін назарға ұсынып, көрермендерге керемет көңіл күй сыйлады. Іс-шара өте қызықты өтті. Құрамдастырған пән мұғалімдеріне және оқушыларды қолдап келген сынып жетекшілер Айнұр Николаевна мен Махаббат Балғабаевнаға да алғысымызды білдіреміз. Орыс тілі және әдебиеті пәні ӘБ жетекшісі : Д.У. Мажитова