27 наурыз күні мектебімізде жыл сайын дәстүрге айналған «Абай оқулары» байқауының мектепішілік кезеңі өткізілді. Байқауға 5-11 сынып оқушылары қатысып, хакім Абайдың шығармашылығы бойынша өнерлерін ортаға салды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жунусова Амина Кумарбековна оқушыларды ақын Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайында презентациямен таныстырып, «Абай әліміне» әдеби шолу жасады.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдрахманова А.Е. жетекшілігімен 9 «Б» сынып оқушысы Тұрғанбек Асылан мен 7 «Ә» сынып оқушысы Заит Бақдәулет Абай мен әкесі Құнанбайдың арасындағы тағылымды сұхбатын шағын қойылым ретінде сахналап, Ұлы Абайдың кемеңгерлігін көрермендерге паш етті.
Байқаудың 6 номинациясына оқушылар аса жауапкершілікпен атсалысып, өз өнерлерін көрсетіп, байқаудың тартымды әрі терең мағыналы өтуінде белсенділік танытты. Әділ қазы алқаларының төрайымы, тәрбие ісінің меңгерушісі Ишмухамедова У.Т. басшылығымен, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ахметбек А., Темірбекова К.А., мектеп кітапханашысы Айгүл Қапашқызы шешімдерімен оқушылар байқау соңында әр номинация бойынша марапатталып, өнерлері толыққанды талқыланып, әділ қазы тарапынан айтылған пікір-ұсыныстарды қабыл алды. Үздік деп танылған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Сағантай Зейнеп, 7 «Ә» сынып оқушысы Заит Бақдәулет және 5 «Б» сынып оқушысы Нұрланқызы Қарақат, «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Риспаева Еркінай, «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 9 «Ә» сынып оқушысы Женисбекова Камила, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 5 «Б» сынып оқушысы Идрисова Аружан, «Ұлылар әлемі» номинациясы бойынша 10 сынып оқушысы Нұрғали Малика мен 7 сынып оқушысы Мақсұт Наргиз, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 9 «Б» сынып оқушысы Сағантай Зейнеп пен 5 «А» сынып оқушысы Қуанышбай Айзере үздік деп табылып, аудандық кезеңге жолдама алды. Оқушыларымызға сәт сапар тілейміз!