"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік педагог - 2021"

02.04.2021

Аршалы ауданы Жібек жолы кентіндегі И. Құтпанұлы атындағы мектеп қабырғасында  наурыз айының 31-жұлдызы күні Ұстаздар арасында "Үздік педагог -2021" сайысы өткізілді. Сайыста әр пән бірлестігі бойынша бір мұғалім қатынасты. Сайыстың небәрі екі бөлімнен тұрғанына қарамастан мұғалімдердің үлкен жауапкершілік танытқанын айта кеткен абзал.
Сайыстың бірінші кезеңінде ұстаздар соңғы бес жылда жеткен жетістіктері туралы презентация жасады. Екінші кезеңде "Мен жаңашыл ұстазбын" тақырыбында жазылған эсселері негізінде өзіндік ойларын қорғады.
Бірінші кезең бойынша қазылар ұстаздардың жеткен жетістігі, оның ішінде, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі түрлі сайыстар мен олимпиадалардағы алған орнын, білім сапасын өсірудегі есептік көрсеткіштерін, мектептің қоғамдық дамуына қосқан үлесін, ұстаз ретінде жалпы жұмысының эстетикалық мәні мен мағынасы бойынша бағалады.
Екінші кезеңде ұстаздар ХІХ ғасырдың үздік педагогіне тән мақсат міндеттер мен қойылатын талаптар жөнінде ойларын қысқаша сипаттады. Мұнда ұстаздардың сөйлеу мәнері, тақырыпқа байланысты ой тұжырымының өткірлігі сыналды.
Қатынасқан барлық ұстаздар мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хат және арнайы дипломдармен марапатталды.
Жүлделі ІІІ орынды Бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Берлібекова Гүлзат иеленсе, ІІ орынға математика пәнінің мұғалімі Қаратаева Айгүл лайық деп танылды. І орынды және аудандық сайысқа жолдаманы тарих пәнінің мұғалімі Қадырбаева Бибігүл жеңіп алды.
Ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!!!

Просмотров: 232


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст