Текст
Тоқтар Әубәкіров – қазақтың тұңғыш ғарышкері, Талғат Мұсабаев – Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш ғарышкер, ал Айдын Айымбетов – ғарышты бағындырған Қазақстанның тұңғыш азаматы (Тоқтар Әубәкіров КСРО азаматы ретінде, ал Талғат Мұсабаев Ресей азаматы ретінде ұшқан болатын). Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн 22 сағат 13 минутты, Талғат Мұсабаев 341 күн 9 сағ 48 мин, ал Айдын Айымбетов 9 күн 20 сағ 13 мин 51 с болған. Үш қыранға да ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілген.