Текст
«Үнемді тұтыну – болашаққа жауапкершілікпен қарау»
Бастауыш сынып оқушыларына арналған ерекше танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балаларға суды, электр энергиясын, тағамды үнемдеп тұтыну және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау жайлы мағыналы мәліметтер ұсынылды.
Бейнероликтер арқылы қызықты ақпараттар көрсетіліп, жадынама-нұсқаулықтар таратылды.
Балалар тек тыңдап қана қоймай, өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде үнемдеудің маңызын жақсы түсінді.
Іс-шараны ұйымдастырған әрі өткізген — Омарбек Ақмарал апайымызға алғысымыз шексіз!