"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Баба рухына тағзым"

25.05.2021

#Баба рухына тағзым
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде мамыр айының 21-інші жұлдызында мектеп ұжымы және тәрбие ісі меңгерушілерінің ұйымдастыруымен  ұлы бабаны ұлықтау мақсатында «Ерлік пен намыс жыршысы» атты Қазақ елінің азаттығы үшін арпалысып өткен, халық композиторы, әнші, ақын  Иманжүсіп Құтпанұлын еске алу іс-шарасы өткізілді. Атаулы іс-шараға Иманжүсіп Құтпанұлының немересі, Иманжүсіптанушы, философия ғылымдарының докторы, Иманжүсіп Раушан Нұрханқызы, әдебиеттанушы, ғалым Галия Сагатова, мәдениеттанушы-докторанттар  Мадина Жакан, Гүлназ Касбаева, Гульжан Жалеловалар қонақ ретінде шақырылды. 
Іс-шарамыздың шымылдығы Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебінің «Иманжүсіп – тау тұлға» деп аталатын мектеп гимнімен ашылды. Қазақ тілі менәдебиеті пәнінің мұғалімі Хұсайн Ханат жүргізген бағдарлама «Ерлік пен намыс жыршысы» деп аталатын театрлық қойылыммен жалғасты. Мектеп мұғалімдері қойған қойылым ұлы күрескердің өмірінен алынған көріністер арқылы жиналған қауымды XIX ғасырдың атмосферасына енгізді. Қойылым жетекшісі актерлік шеберлік және музыка пәнінің мұғалімі Абдрахманов Олжас сомдаған  Иманжүсіп бейнесі көптің көңілінен шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қойылым соңында сахнаға көтерілген Раушан Нұрханқызы ұйымдастырушылар мен келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, 
«Менің арманым – әр қазақтың жүрегінде Иманжүсіпті ояту. Әр қа-зақтың өз Иманжүсібі болуы керек. Атамның есімі туған халқының жүрегінің төрінен орын алып, бостандықты, елінің Тәуелсіздігін жұмыр жер бетіндегі барлық құндылықтардан артық көріп, өзін қазақпын деп санайтын әрбір азаматтың санасында жатталып қалса деймін» деген игі тілегін жеткізді. 
Іс-шара Иманжүсіп Құтпанұлы мұғалімдері жайған дастархан басында жалғасын тауып, ас берілді. Тағылымды әңгімелер айтылып, рухына тағзым етіп, құран бағышталды. Іс-шараға қатысушылардың бәріне мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. 
Сердалиева Ж.К. 

Просмотров: 228


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст