«Кәсіпке құрмет – келешекке қызмет» тақырыбында мамандармен кездесу өтті.
Мектебімізде қонақ мамандар ретінде:
🔹 Озат Ақниет – PhD докторант, халықаралық «Болашақ» президенттік стипендиясының иегері
🔹 Қыдырмина Ақниет – Назарбаев университеті, Biological Science мамандығының 4-курс студенті
қатысып, оқушылармен әсерлі әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында қонақтар:
✨ болашақ мамандықты дұрыс таңдау,
✨ жетістікке жету жолдары,
✨ білім мен кәсіптің өзара байланысы,
✨ университеттегі оқу үдерісі, стипендия алу мүмкіндіктері,
✨ ғылыми жобалар мен карьералық даму бағыттары
туралы өздерінің шынайы тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды.
💡 Мұндай кездесулер жастардың арманын айқындап, болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен серпін береді.




