"16 қазан Халықаралық нан күні"
2019 жылғы қыркүйекте Үкіметтің қаулысымен Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді, соған сәйкес 16 қазан - Нан күні болып белгіленді.
Нан-ең маңызды және ең танымал және сүйікті тағамдардың бірі. Барлық уақытта және барлық халықтарда нан ерекше құрметке ие болды және үстелде басты орын алды. Ал Қазақстан үшін нан экспорттың маңызды бабы болып табылады.
Астық және нан өнімдерінің жоғары мәртебесін нығайту мақсатында мектебімізде ұжыммен бірге мерекелік шараны ұннан жасалған тағамдарды әзірлеп мол дастарханымызды жасадық. Ұстаздарымыз шараны “Батамен ер көгереді"- деп халқымыз айтпақшы батамен аштық. "Нан болса ән болады"- демекші ұстаздарымыз дәстүрлі қазақ әндеріміз бен қазақ күйі де тартылды.
Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш, дастарханымыз мол болсын!