Текст
Мектебіміздің психологтары Ташетова Назгул мен Қуан Ұлбүбі ата-аналармен бала денсаулығына зиянды ойын "Игра в кальмара" бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі кезде кең етек жайып келе жатқан, фильм негізінде пайда болған бұл ойынның зияны туралы ескерткіміз келіп отыр. Ол ойын бала психологиясына кері әсер етіп, қатыгездік, жауыздық, агрессиялық сияқты мінез-құлық қалыптастырып жатыр. Сондықтан жан-жақты балаларға ойынның зияндылығы туралы ақпарат беріп, бала назарын басқа пайдалы іс-әрекеттерге аудару қажеттігін есте сақтайық!