"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

спорттық іс шара

26.11.2018

Тақырыбы: Астанадан салем!

Ауылдағы балалар алаңы – мейірімді қарым-қатынас аймағы.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 

Түрі: Эстафеталық ойын 

Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 

Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті жарысқа қатысушылар! Астананың 20 жылдығына, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  «Астанадан салем! Ауылдағы балалар алаңы – мейірімді қарым-қатынас аймағы»  атты спорттық сайысқа қош келдіңіздер! Уа халқым, назар аудар денсаулыққа, Өмірде бақыттысың дені сауда Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамызда

Жүргізуші: Жарысқа

қатысушы командаларды ортаға шақырамыз:

1. 42 орта мектеп

2. 43 орта мектеп

3. 44 орта мектеп

4. 38 мектеп

5.Новоалександровская орта мектебі

6. Құтпанұлы атындағы орта мектебі

 

Жүргізуші: Әнұран

Жүргізуші: «Рухани

жаңғыру»

Ұлттық дәстүр – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.

Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оныәлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі. Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған

Жүргізуші: 

1.Жібек жолы ауылының  әкімі- Рыспаев Абдығайып Серикович

2.38 мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі-Сагитова Айгүл Ануарбекқызы 

3.Құтпанұлы  мектебінің оқу ісі меңгерушісі – Сейтказиева Асыл Маратовнаға сөз беремиз

 

Жүргізуші: 

Өнерпаз болсаң,арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та,бар қалан!

42 орта мектебінің оқушылары:Қазақ биімен

5.Әділ қазылар алқасы:

1.Құтпанұлы мектебінің тәрбие ісі меңгерушісі: Хакимжанова Кулия Муратхановна

2. Новоалександровка орта мектебінің дене тәрбиесі

мұғалімі: Терлибеков Султан Аскарбекович

3. Құтпанұлы мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі: Тумышев Рустем Берикович

 

Ойын түрлері эстафеталық ойындар:

1. дене қыздыру жаттығулары, фишканың

үстіне доп қою.

2. қапшықпен жүгіру

3. скакалкамен жүгіру

4. доппен секіру

5. теннис добын алып жүру

6. баскетболл добын алып жүру

Ойынның ережесі  бойынша әр командада 4 қыз бала, 4 ұл бала болуы шарт, бұл ойынға 6-шы және 7-шы сыныптар аралығында қатыстырылады, ойын жекелей бағаланды. 1- ден 6- ға дейінгі баллдық жүйемен.

 

 Қорытынды бөлім 

Әділқазылар алқасы өз бағаларын шығарып болғанша  8-ә сыныбының орындауындағы флешмоб биін тамашалаңыздар!

Көрсетті міне өз өнерін балалар,

Сайыстың да соңы келіп таянар.

Жеңімпазды анықтайық қанекей,

Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Әділқазылар алқасына сөз кезегін берейік

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар

тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт- досың, серігің.

Жаттықсаң шымыр боларсың,

Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!Осымен бүгінгі Астананың 20 жылдығына, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында  «Астанадан салем! Ауылдағы балалар алаңы – мейірімді қарым-қатынас аймағы»  атты спорттық сайысымызды жабық деп жариялаймыз!

            

 

 

 

 

 

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст