"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы

26.11.2018

Қазанның 18-ші

жұлдызында Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебінде мұғалімдер арасында Елбасының

күні кеше шыққан жолдауына бірнеше пікірлер айтылды.

 

          Аталған мектеп ұжымы 6 топқа бөлініп, жолдаудың ең маңызды мәселелеріне көңіл бөліп,талқылады. Соның ішінд, әсіресе «Халық саны 18 миллионнан асып, ұзақтығы 72,5жасқа жеткені», «жаңа технологиялармен адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіру», «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру»,«Тұрмыс сапасын арттыру, соның ішінде педагог мәртебесін көтеру мәселесі, жоғарғы оқу орындарында сапалы маман дайындап, гранттардың санын өсіру», «Сапалы азық-түлікті пайдалануға сараптама жасау» сияқты бірнеше мәселелер қаралды. Мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі- Татенова Слушаш өз пікірінде Президент айқындаған он бағыттың жетінші бағыты- Адам капиталын жаңғырту мәселелері жайлы айтты. Өйткені, еліміздің әртүрлі салаларында жасалып жатқан

өзгерістер, жаңалықтар, инновациялық ақпараттандыру жобалар т.б. - адамның қолынан, ойынан шыққан. Тек білімді, креативті, сыни ойлай алатын,коммуникативті және командада істей алатын жан-жақты адам оны жасай алады. Сондықтан Елбасы өз жолдауында « Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады», - деп ұстаздар алдында айқын міндет қойды. Яғни, жаңа педагогикалық оқыту мәселелерін білім беру үрдісіне еңгізу арқылы оқытудың жеке бағдарын жасау оқушымен, мұғалімнің оқу жүктемелерін азайтуға мүмкіндік береді Мектептерде рухани, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтуде Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігі мен «Өз жеріңді танып біл» жаңа бастамасы аясында еліміздің өңірлері бойынша жаппай мектеп туризмін қайта жаңғырту керектігі айтылды.

Бастауыш сынып мұғалімі-Канафина Іңкәр өз сөзінде елбасының Биылғы Жолдаудың өткен жылдағылардан ерекшелігі — әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктердің молдығы. «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады» яғни, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге көбейтілетін болды. Сонда бұл көрсеткіш биылғы 28 мың 300 теңгеден 42 мың 500 теңгеге дейін өсуге тиіс. Қолма-қол ақшамен есеп айырысуды азайтатын болды, себебі, қолма-қол ақша жемқорлық көзі екенін білесіздер. Қарапайым адамдар

тұтынатын өнімдерді көбейту қажет екені айтылды. Импорт азайған сайын мемлекет тәуелсіз болмақ. Сондықтан, отандық өнімді қолдауға 500 млрд теңге бөлінеді. Бұл халық үшін өте қуанарлық жаңалық екенін айта кетті.

           Тарих пәні ұстазы- Бахытхан Ойгарбай, елбасымыз келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп танып,бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз

тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс екенін дөп басып айтты. Сонымен қатар, «гранттардың санын көбейтіп, жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі – оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмысқа орналасуы. Жоғары оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу қажет. Нарықта жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз

ететіндері ғана қалуға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріптестік орнату маңызыды»- деп көрсеткенін шын жүрекпен қолдайтынын айтты.

           Және де Алкеева Айгерім, Мұратхан Ақгүл, Серикова Карлыгаш, Касымханова Жулдызай, Кудабаева Махаббат

сияқты ұстаздарымыз да жолдаудың бірнеше бөлімдеріне өз пікірлерін айтты. Соның ішінде жолдауда көрсетілген «Азамматтар сұранысына  бейімделген  мемлекеттік аппарат,яғни «Сапа» – мемлекеттік қызметші өмірінің жаңа стилі, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуға тиіс екендігін», сонымен қоса ішкі өнімнің пайызы артып, өз еліміздің тауарын шығарып, тауарларға арнайы

зерттеу жүргізетін комиссия құратынын қолдап, бұл жолдаудың өзіндік жақсы жағымен ерекшеленеді. Ауылда, ата-аналар арасында және мектепте оқушыларға мұқият түсіндіріп, барлығымыз ел болып бір жұдырыққа жұмыла отырып  осы жолдауға қолдау көрсетіп, бірігіп жұмыс

жасасақ, сонда ғана  еліміздің мәртебесі көкке көтеріліп, 30 елдің қатарына қосылатынымыз айдан анық.

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст