Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, жаңа премьер-министр кандидатурасын ұсынды. Ел Президенті Әлихан Асханұлы Смаиловты Қазақстан Республикасының премьер-министрі етіп тағайындады. Осы уақытқа дейін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары атқарған қызметін Әлихан Смаилов өзіне артылған сенімді міндетті абыроймен атқаратынын айтып өтті.
Сол сияқты Мемлекет басшысы елдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу туралы ауқымды баяндама жасады: «Елде басталған бейбіт шеруді арнайы дайындалған арандатушылар пайдаланып кетті. Соңында олар Алматыны қантөгіс алаңына айналдырды...». Алайда мемлекет басшысының тез, ойлы шешім қабылдауы арқасында арандатушылардың ойы жүзеге аспады.
Ел болашағы үшін жауапкершілікті мойнына алған Мемлекет басшысы әр азаматтың, әр отбасының, тұтас елдің амандығын сақтау үшін үлкен еңбек атқарды. Ел басшысының қажырлы ұйымдастырылған қызметі арқасында еліміз Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздықтан аман қалды.
Біз, қазақ халқы, әрқашанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен біргеміз! Біз күшті де қуатты, әсем әлеуетті еліміздің ертеңіне сенеміз!