16.01.2022
Президенттің бастамаларын қолдаймыз.
2022 жыл еліміз үшін аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғалармен басталды. Әлем назары елімізге ауған сындарлы кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен нақты шешімдер қабылданып, елдегі тұрақтылық қамтамасыз етілді.
Бәрімізге белгілі, Мемлекет басшысы елдің жаңа Премьер-министрі Әлихан Смайыловты тағайындап алдына нақты міндеттер қойды. Үкіметтің жаңа құрамы да жасақталды. Қазақстан Президентінің Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысындағы мәлімдемесі тарихи мәлімдеме болды деп есептеймін. Өйткені Президент өз мәлімдемесінде барлық ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды, ашық айтылды. Соның ішінде елдің дамуына негізгі арқау болатын экономикалық саясат, ауыл шаруашылығын дамыту мен халықты толғандырып отырған әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылды. Сондай-ақ Қ.Тоқаев жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қаматамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Кәсіпкерлер мен бизнеске қолдау көрсету керектігі жайлы айтты. Білім бағыты бойынша жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін алдыңғы орынға қою керектігі, соның ішінде техникалық бағытты жандандыру керектігі айтылды. Алдағы уақытта шетелдік беделді оқу орындарының бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан халқына» қорының ашылуы. Қор қоғамды біріктірудің тағы бір құралына айналуы тиіс деп атап өтті. Қоғамдық- әлеуметтік қоры денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады делінген. Бұл үндеудің еліміздің экономикасы мен даму жолында алар орны ерекше екені сөзсіз. Біз осындай қиын әрі күрделі кезеңде Ел Президентінің бастамаларын қолдап, бірлік, ынтымақ, сенімді диалог ұғымдары аясында топтасуымыз қажет. Өйткені, елдің бірлігінен асқан құндылық жоқ.
Ел болып күшiмiз бiрлiкте екенiн кɵрсетейік! Дана халқымызда «Бегі халқына, халқы бегіне сенген ел мәңгі жасайды» деген қанатты сөз бар. Ел мен биліктің бірлігі ажырамасын. Қара шаңырақ – Қазақстанымыздың мықты боп, қарыштап дамуы əлi алда. Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдаймыз және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуі бұрынғыдан да қарқын аларына кәміл сенеміз.
«Ақмола облысы білім
басқармасының Аршалы
ауданы бойынша
білім бөлімі И.Құтпанұлы
атындағы Жібек жолы ауылының
жалпыорта білім беретін
мектебі» КММ директоры А.А Туркестанбаева