"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Кітап оқуға құштарлық" жобасы

24.01.2022 Бүгін 22 қаңтар күні мектебіміздің әкімшіліктің ұйымдастыруымен (мектеп директоры А.А.Туркестанбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары К.М.Хакимжанова) ұжымдағы ұстаздармен және оқушылармен "Оқуға құштар мектеп" кітап оқу жобасы аясында ұстаздармен оқылған кітаптарды талқылау бойынша аптаның соңғы жұмыс күні сенбіде әдістемелік күн жұмысы жүргізілді. Мұнда мектебіміздің 9 бірлестігіндегі барлық ұстаздар қамтылып, тек 3 бірлестіктің оқыған кітаптары бойынша талқылау жұмысы жүргізілді. Тілдер бірлестігінің ішінен орыс тілі пәні ұстаздары өздерінің "Спираль обучения . 4 принципа развития детей и взрослых", ағылшын тілдері пәні ұстаздары "Финдік оқу жүйесі ", және мектеп әкімшілігінің Д.Алиевичтің "Білімге құштар" кітаптарының мазмұнымен таныстырып, келесі әдістемелік күнге дейін берілген тапсырмалар мен сұрақтарға іздену жұмыстарын жасау керектігі ескертілді. Оқып талқыланған кітаптардың мазмұны бойынша алдағы уақытта 30 минут ішінде эссе жазу жұмысы қаралатындығы да ескертілді. Мектеп әкімшілігі бұл жұмыстардың барлығы ұстаздардың алдағы уақытта ізденіс жұмыстарына көп үлесін қосатынына үлкен сенім білдіреді. Сонымен қатар "Білімге құштар" кітабының авторы Дүйшөн Алиевичпен зум арқылы кездесу ұйымдастырылып, мұғалімдер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын да ала алды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
Просмотров: 240


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст