24.01.2022
Мектебімізде қаңтардың 5-і күні
«ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ПӘНДЕРДІ КІРІКТІРІП ЖОСПАРЛАУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ»тақырыбындағы ұжымдық авторлық бағдарламалар жобасын зерделеу бағытындағы аудандық семинар өткізілді.
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнының мүмкіндіктерін пайдаланып, салалық және салааралық мазмұнды кіріктіре отырып жоспарлау, оның ерекшеліктері, қиындықтары және артықшылықтары. Кіріктіріп оқытудың тиімділігін жобалау әдісін пайдалана отырып көрсету. Оқушылардың ойлау, саналы қабылдау, тұжырымдай алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын құрастыру. Жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізуде, мектеп ұжымымен өткізілген жұмыстар және оның нәтижелерімен таныстыру мақсатындағы жұмысты теориялық тұрғыда негіздеп, практикалық көрінісін көрсету.
Міндеттері:
1. Ұжымдық жоба негізінде метапәндік құзыреттілік қалыптастыруға бағытталған жоба жұмыс бағдарламасы дайындалды. Бұл бағдарлама негізінен жаңартылған білім мазмұны интеграциялау мүмкіндіктерін пайдалануға негізделді.
2. Пәндік бірлестіктер салалық бірлестіктерге бірігіп, жұмыс жоспарлары интеграциялық бағыт ұстанды.
3. Әр бірлестік салалық және саларалық кіріктіруге байланысты интеграцияланған ОМЖ құрастырып, артықшылықтары мен қиыншылықтары талданды.
4. Барлық мектептегі оқутәрбие жұмысы заманауи түлек моделін қалыптастыруға бағытталды. Ондағы жұмыстарда жүйелік, жобалық, шығармашылық бағыт ұсталынды.
Осы міндеттер негізінде мектептің метақұзіретті мұғалім заманауи метақұзыретті түлек қалыптастыруға негіз болатын білім мен дағдыларды меңгеруге болады деген тұжырым жасадық.