"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік Зерде ғылыми жұмыс жобасы

08.02.2022 1 ақпан күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары бойынша конкурс болды. Конкурстың мақсаты: оқушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Міндеттері: зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жұмыстарын көрсету және насихаттау. Конкурсқа 1-4 сынып оқушыларынан әр түрлі секциялар бойынша 10 оқушының зерттеу жобалары қорғалды. Тақырыптар бүгінгі қоғамдағы мәселелермен тығыз байланысты: «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны», «Стреске қарсы ойыншықтар пайдалы ма?», «Тик ток әлеуметтік желісі қауіпті ме?», т.б. Жобаның нәтижесінде оқушылар өздерінің жаңа өнімдерін көрсетіп, көпшіліктің ризашылығына бөленді. «Бас жүлдеге» ие болған 4 А сынып оқушысы Заманбек Нұрасыл, жетекшісі Қабылбаева Балжан Маратқызы, 1-орынға ие болған 3 Ә сынып оқушысы Ерғалиева Іңкәр, жетекшісі Жуманова Айнұр Николаевна және 4 Г сынып оқушысы Ершора Абдуллах, жетекшісі Серікова Айжан Серікқызы. 2-орынға ие болған 3 В сынып оқушысы Әбдумәлік Мейрамбек, жетекшісі Маукенова Махаббат және 4 Ә сынып оқушысы Жарболған Әділжан, жетекшісі Берлибекова Алла Тынымбайқызы, 3-орынға ие болған 3 Г сынып оқушысы Тоқтасын Сезім, жетекшісі Салтанбаева Айсұлу, 4 Б сынып оқушысы Азаматұлы Алдияр, жетекшісі Асемова Эльмира, 3 Д сынып оқушысы Сапар Жанерке, жетекшісі Кереева Маржангүл. Белсенділік танытқан оқушылар Мадақтамамен марапатталды. Олар: 1 Г сынып оқушысы Жұман Жаннұр, жетекшісі Узбекова Жадыра және 5 Г сынып оқушысы Ажибаева Аружан, жетекшісі Торсыкбаева Жанар Сапаржанқызы. Барлық оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз, жетекшілік еткен пән мұғалімдеріне алғыс айтамыз. Аудандық, облыстық жарыстарда тек биіктерден көріне беріңіздер, ЖАС ҒАЛЫМДАР! Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 225


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст