"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ғылыми жоба "Зерде"

08.02.2022 3 ақпан күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары бойынша конкурс болды. Конкурстың мақсаты: оқушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Міндеттері: зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың үздік жұмыстарын көрсету және насихаттау. Конкурсқа 5-7 сынып оқушыларынан әр түрлі секциялар бойынша 6 оқушының зерттеу жобалары қорғалды. Тақырыптар бүгінгі қоғамдағы мәселелермен тығыз байланысты: «Скетч ап бағдарламасын пайдаланып магнитті лабиринт моделін жасау және өмірде қолдану.», «Ертоқым», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», т.б. Жобаның нәтижесінде оқушылар өздерінің жаңа өнімдерін көрсетіп, көпшіліктің ризашылығына бөленді. «Бас жүлдеге» ие болған 7 Ә сынып оқушысы Түменбай Айшабибі, жетекшісі Лесбекова Ұлданай Анарбекқызы, 1-орынға ие болған 7 А сынып оқушысы Кенжебай Әбілмансұр, жетекшісі Мұратхан Ақгүл, 2-орынға ие болған 5 Д сынып оқушысы Семсер Айдана, жетекшісі Тлеуова Айнур Балтабаевна және 7 В сынып оқушысы Джамартова Аружан, жетекшісі Сулейменова Гульнар Естаевна, 3-орынға ие болған 5 Д сынып оқушысы Шульпанкулов Шыңғыс, жетекшісі Тлеуова Айнур Балтабаевна және 7 А сынып оқушысы Өмірбекқызы Айнұр, жетекшісі Мұратхан Ақгүл. Барлық оқушыларды жеңістерімен құттықтаймыз, жетекшілік еткен пән мұғалімдеріне алғыс айтамыз. Аудандық, облыстық жарыстарда тек биіктерден көріне беріңіздер, ЖАС ҒАЛЫМДАР! Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 447


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст