"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жасұлан аудандық бірлестігі

19.10.2022 2022 жылдың 13 қазан күні Аршалы балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында "Жас Ұлан" аудандық балалар бірлестігінің Ұланбасы Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста ауданның 15 мектебінің қатысушылары "Жас Ұлан" Д.О. - ның 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылады. Отырыстан кейін оқушылармен "көшбасшы және көшбасшылық қасиеттер"тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар нағыз көшбасшы кім деп ойлайтыны туралы өз ойларымен бөлісті. Жастар нағыз көшбасшы өз командасын қолдауы керек, басқа адамдарды тыңдай білуі керек, үнемі дамып отыруы керек деп санайды, бірақ ең бастысы − көшбасшы батыл, жауапты, шешім қабылдаудан қорықпауы керек. Сондай-ақ, балалар тренингте шығармашылық жұмыстарды орындады, өз жұмысында оқушылар коллаж түрінде көшбасшыны сипаттайтын қасиеттерді ұсынды. Содан кейін балаларға көшбасшылық қасиеттерін анықтау үшін бірнеше жаттығулар жасау ұсынылды. Тренинг шығармашылық және ойын түрінде өтті, онда әрқайсысында көшбасшылық қасиеттерді ашу арқылы өзіне деген сенімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік туды.
Просмотров: 157


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст