19.10.2022
11 қазан күні «Экоөмір» жас өлкетанушылар, экологтар және табиғат зерттеушілерінің облыстық форумы болып өтті. Мақсаты: білім алушыларды табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және туған өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу. Форумға Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары да қатысты.
Нәтижесінде оқушыларымыздың жобалары, жұмыстары жүлделі орындарға ие болды. «Ақмола облысының флорасы мен фаунасының 3Д атласы» номинациясы бойынша «Балқарағайлы Бурабай» тақырыбымен 8 «Ә» сынып оқушысы Түменбай Айшабибі 1-орынға ие болды. Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі: Лесбекова Ұлданай Анарбековна.
«Экотеатр» номинациясы бойынша «Ғарыш ғаламаты» тақырыбымен 9 «В» сыныбының оқушылары Азденбаева Алуа, Тәжімұрат Жанель, Баян Алдияр, Берикбол Темирлан 2-орынға ие болды. Жетекшісі: Шыназарова Лаура Ахановна.
«Жасыл ел» номинациясы бойынша «Адамның мінез-құлқына, көңіл-күйіне әсер ететін иістер» тақырыбымен 7 «Б» сынып оқушысы Серікбай Аружан қатысты; жетекшісі: Мысанова Г.Б.
«Green oasies» номинациясы бойынша «Мектеп ауласының ландшафтық дизайны» тақырыбымен 9 «В» сынып оқушысы Тәжімұрат Жанель қатысты. Жетекшісі: Назтан Арайлым Байғалиқызы.
Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Болашақта тек биіктерден көріне беріңіздер, ЖАС ҒАЛЫМДАР!
Директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.