19.10.2022
Қазанның 7- ші жұлдызында
«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директордың жанындағы
әдістемелік кеңес отырысы өтті
Күн тәртібінде:
1. Пәндер бойынша БЖБ нәтижесі, болжамды жүзеге асыру бойынша.
2. Пәндік жобалар және бірлестіктер жауапкершілігіндегі дебат ойындарының ұйымдастырылу кестесі.
3. Мектепішілік бақылау жоспарымен таныстыру.
4. Шығармашылық топ құру.
Ағымдағы мәселелер:
• Дәптер жүргізуге байланысты нормативті құжаттар
• Республикалық форумның жоспары, әр ӘБ бойынша орындалатын міндеттер
• Сынып сағаттарының жоспарлы өтуі
1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Хусайн Ханат сөз сөйледі. Мектептегі барлық сыныптан 0-дік бақылаудың қорытындысы бойынша оқушылардың білім саласы сараланғаның және оның нәтижесі 50% -ды яғни төмен көрсеткіште болғанын айтты.Алдағы уақытта мектеп сапасын 70 % асыруымызды, мектептің сапасын түсіріп алмау керектігін , әр пән мұғалімдері бұған жауапты екенін атап өтті.
2. Екінші мәселе пәндік жобалар және бірлестіктер жауапкершілігіндегі дебат ойындарының ұйымдастырылу кестесі құрылу туралы атап өтті. Білім алушылардың командада жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға, қарама-қарсы пікірге құрметпен қарауға, өз көзқарасы мен пікірлерін белсенді қорғауға мүмкіндік беретін, «Дебат алаңы» мен «Диалог алаңында» Сулейменова Г.Е, Кадырбаева Бибігүл, Сердалиева Жазира, Айқынбаева Мадина, Бакытжан Ботазоз. Барлық мұғалімдер бір ауыздан қолдады.
3. Үшінші мәселе мектепішілік бақылау жоспарымен таныстырды.
Мектеп директорының 04 қазан 2022 жылғы №113 бұйрығы шығарылып, 2022 жылдың 04-28 қазан аралығында 5,9,11 сыныптардағы қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінің жүргізілуі сапасы бақылауға алынатындығын , кесте бойынша алынатын БЖБ,ТЖБ жұмыстарының алыну сапасы бақыланатындығы мен жанадан келген, декреттік демалыстан шыққан ұстаздардың жұмыстары жан-жақты, түбегейлі тексерілуі жазба жұмыстарының дәптерлері, оқушылардың жеке іс-құжаттары, оқулықтардың ұсталу сапасы, электронды журналдың, оқушылар күнделіктерінің толтырылуы толықтай бақыланатындығы атап өтті. Мектепішілік бақылау тексерушілер құрамы: Төрайымы: К.М. Хакимжанова-ДОІЖО,
Мүшелері:Х.Хусаин- ДОІЖО, А.К.Сиздикова –ЖПБ жетекшісі, Д.У. Мажитова-ГПБ жетекшісі, А.Е.Абдрахманова-ДҒІЖО, А.К.Жунусова- ДҒІЖО, Н.М.Накипова-кітапхана меңгерушісі, Жакен Манар –ДОІЖО. міндеттелді.
4. Төртінші мәселе бойынша шығармашылық топ құру. Бұл мектеп дамуын басым бағыттары бойынша қамтамасыз ететін, мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын іздестіру мақсатында жаңашылдықты анықтауға, құруға, қорытуға және енгізуге негізделген шығармашылық тұрғыда біріккен ерікті кәсіби педагогтар бірлестігі болып табылады. Шығармашылық топтың педагогикалық құрамы: Айгүл Ертаевна, Жунусова Амина, Ләззат Қонысбаевна, Гүлбаршын Зейкеновна, Маржан Хайрулиевна, Кадырбаева Бибігүл, Кульжан Умирзаковна, Улжан Жуманазаровна, Ғалия Токтагалиевна, Назтан Арайлым, Ұлданай Анарбекқызы, Манар Жакен, Жанар Сапаржановна, Баян Аиповна, Гүлзада Манаповна. Барлық мұғалімдер бір ауыздан қолдады.
Ағымдағы мәселелер
Әдеп кеңесіндегі топ мүшесі Баян Аиповна сөз сөйледі, жұмыс жасағандығымен қатар құрамының мүшелерін өзгертулері туралы ұсыныс жасады.
Жаңа сайланған құрам мүшелері: Бақытжан Ботагоз , Бабакова Ғ.Т, Кульжан Умирзаковна, Ақбота Рауанқызы, Байлау Жұрағат, хатшы Дина Баймахановна болып тағайындалды.Барлық мұғалімдер бір ауыздан қолдады. Ұсыныс қабылданды.