"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мамандар мектебінің отырысы

19.10.2022 7 қазан күні Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде Жас мамандар мектебінің отырысы болып өтті. Жас мамандар мектебінің 2021-22 оқу жылындағы атқарылған жұмыстың қорытындысымен және 2022-23 оқу жылына құрылған жоспармен директордың ҒІЖО Абдрахманова А.Е. таныстырды. Биылғы оқу жылында Жас мамандар мектебінен 4 жас маман түлеп ұшып, жаңадан 5 жас маман қосылды. Жалпы саны 19 жас маман тіркелді. Мұғалімдер Жас мамандар мектебінің мақсатымен, өздеріне тағайындалған тәлімгерлермен таныстырылды. Жас мамандар мектебінің жетекшісі Базыканова Жадыра Бауыржанқызы жас мамандар мектебінің ерекшелігімен, оларға арналған ақыл-кеңестерімен бөлісті. Жас мамандар мектебінің түлегі биология пәнінің мұғалімі Назтан Арай Байғалиқызы Жас мамандарға өзінің тәжірибесімен бөлісіп, қадамдарына сәттілік тіледі. Одан әрі мектеп психологтары Ташетова Н.Б. мен Қуан Ұ. екеуі жас мамандарға арналған мінез-құлықты айқындайтын, психологиялық ахуалды қалыптастыратын қызықты тренингтер өткізіп, жас мамандарды оқу процесіне нық қадаммен жұмыс жасауларына шақыратын ойындар өткізді. Жас мамандар мектебінің мұғалімдеріне биылғы оқу жылында қажырлы еңбек, жоғары белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз! Директордың бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары: Абдрахманова А.Е.
Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст