18.11.2022
#Toqaev2022
#ДауысберТоqaev2022
#ГолосуйЗаToqaev2022
♾Тоқаевтың жоспарлары: Қызметкерінің жалақысын көтерген бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету
📍Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты.
✔️Өңір жұртшылығымен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан бизнесті қолдау шараларын түсіндірді.
Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов алдағы 7 жылда мемлекеттің күш-жігері кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатынын атап өтті.
🗣«Бәсекеге қабілетті бизнестің дамуына кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Бұл етек жайып кеткен мемлекеттік монополияларға да, көлеңкелі экономикаға да қатысты. Мемлекет заңға бағынатын кәсіпкерлерді негізсіз әкімшілік қысымнан және тексеруші құрылымдардың себепсіз араласуынан қорғайды. Кәсіпкерлердің өз қызметкерлерінің жалақысын көтеруі және олардың еңбек жағдайын жақсартуы мемлекеттің бизнесті қолдау шарттарының бірі болады. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының 4,7 миллион адамға дейін өсуін қамтамасыз етіледі», – деді Е.Қошанов.
❔Жалпы, мемлекеттің экономикадағы қатысуы 2025 жылға қарай 14%-ға дейін қысқарады. Салық жинау ісінің әділ, ашық, айқын болуын қамтамасыз ету үшін жаңа Салық кодексі қабылданады.
✔️IT-мамандармен кездесуде РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның цифрландыруға арналған блогына назар аударды. 7 жыл ішінде IT-компанияларда кем дегенде 150 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
✔️Сондай-ақ, «ҚМГ Инжиниринг» алаңында РҚШ мүшелері өңір мұнайшыларымен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламада көзделген қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды түсіндірді.
✔️Қалалық ипподромда штаб мүшелер спорт саласының өкілдерімен және жергілікті «Көкмойнақ» командасының шабандоздарымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың кәсіби және ұлттық спорт түрлерін дамытудағы, салауатты өмір салтын насихаттаудағы басымдықтары талқыланды.