22.11.2022
2022-2023 оқу жылының 15-16 қараша күндері Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Оқушылар өз бейіндері бойынша олимпиадаға қатысты. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың жалпы пәндер бойынша білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау және ынталандыру.
Нәтижесінде 5-6 сыныптар бойынша қатысқан 105 оқушының 36-ы жеңімпаз атанып, аудандық кезеңге жолдама алды. Ал 9-11 сыныптардан 92 оқушы қатысып, 46 оқушы жеңімпаз атанып, аудандық кезеңге өтінім берді.
Бүгін, 22 қараша күні, саптүзеуде мектепішілік олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаз оқушылар мен жетекшілерін жеңістерімен құттықтаймыз! Аудандық олимпиадада тек биіктерден көріне беріңіздер, ЗИЯТКЕР ОҚУШЫЛАР!