"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Отаным - тағдырым

24.01.2018

Отаным

-  тағдырым

Бір әңгіме

қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рахат табылмайды.

Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,- деп М.Мақатаев жырлағандай туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Дәл осы туған жер адамды елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Сондықтан, балалық балғын шағыңнан Отанға деген махаббат сезімі оянады. Ауыл –адамзаттың, кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Дүниеде ең құдіретті Ана десек, ауыл да бар халықтың анасы, тіршілік нәрі дер едім. Ауыл – халқымыздың бойына нәр

құятын алтын бесігі, ұлттық рухтың қуат алар қайнар көзі. Ауыл көркейсе,

халықтың өмірі жақсарады, әлеуметтік жағдайы көтерілетіні хақ. Бізге дейін сан

толқын ұрпақтың кіндігі мен қаны, маңдай тері тамған киелі мекен. Менің туған

жерім ақ қайыңдар өлкесі Солтүстік Қазақстан облысындағы қоғам қайраткерлері,

жазушылар Ғабит пен Сәбит атамыздың туған жері Жамбыл ауданы. Мен Орталық ауылының

тумасымын. Менің ауылым кішкентай болғанымен, мен үшін аса қымбат, баға жетпес

қазына, байлығым, мақтанышым. Сары алтындай жарқырап, мол байлықтың нышаныдай

болып, ауылды айнала қоршап жайқалған  егін алқаптары, қалың ормандар, көлдерін

айтсаңшы,  шіркін, зымырап өткен уақыт–ай! Дәл осы жерде менің көңілді, шаттыққа толы балалық шағым өтті. Аулада, ауыл сыртында қозы-лақтай достарыммен тебісіп 

ойнағаным, алғаш мектепке барғаным, қалай ұмытарсың?! Мектепке барар жол

әлі күнге дейін көз алдымда. Сол кезде ол көше маған өте ұзын болып көрінетін.

Екі қабатты мектеп мен үшін керемет  бір үлкен ғимарат болатын.  Иә... Ауылға жиі

бармасам да, оймен қиялдап туып-өскен үйімді, көшені еске аламын. Жүрегімнің

әлсіз дүрсілін естимін. Есейіп ауылдан жырақ кетсем де, ауылым мен үшін

кішкентай Отаным болып қала береді.  Жүрген жақсы, көп дүниені

көрген жақсы. Бірақ соның бәрінен де тағы бір жақсы бар: көре біліп, жүре

келіп, өз аулыңа, туған жеріңе қайтқан сәт - бәрінен де жақсы! Жусаны мен жуасы

бұрқыраған, ауыл төсінде жайқалып егін өссе, жайылып мал өрсе – ауылдың сәні

де, мәні осы  емес пе? Әттең, өкінішті-ақ! Осы айтқанымның бәрі ой-санамда, жүрегімде ғана қалды. Үлкен ғимарат болып көрінетін,  мыңдаған түлекті оқытып шығарған екі қабатты мектебім жабылды. Мектептің жабылуы ауыл үшін үлкен күйзеліс болды. 120-130 шақты түтінін түтетіп отырған отбасы мектептің жабылуынан балалары үшін аудан, қала жаққа көшуге мәжбүр болды. Қазір мектепке апаратын ұзын көше, жоқ. Егін алқаптары.... Біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Бұл дәуір мемлекеттердің, халықтар мен ұлттардың алдына жаңа мүмкіндіктер ашып қана қойған жоқ, жаңа сынақтар мен жаңа талаптарын алып келіп отыр. Бұл таңдау жолы – өзіңнің ұлттық салт-дәстүріңді жоғалтпай, тілің мен діліңді, дініңді сақтай отырып, жаһанданудың сара жолына түсу. Сонымен қоса, өзгерістерге,

жаңғыртуларға әрдайым ашық болу, жаңа технологияларды меңгеру, әлемге құшағыңды

ашу. Осы тұрғыдан алғанда, «ауыл мен қазақ» ұғымы біз үшін ажырағысыз ұғымдар

болуы тиіс деп білемін.

 Күні кеше Елбасы Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атады. Бұл – біздің тәуелсіз еліміздің даңқты өткені мен жарқын болашағын көрсететін мазмұны терең, мағынасы зор ұғымдар. «Отан отбасынан басталады» деген қағиданы ұстанған халықпыз. Олай болса, бәрі де даладан, ауылдан басталған. Қазақ баласы үшін «Ұлы Дала» дегеніміз – туған жер, туған ауыл. Елбасының өзі ауылды «ұлттың –ұйытқысы, алтын бесігі» деп айтқан жоқ па?! Демек, мемлекеттің тірегі, іргетасы да ауылда, тамырымыз да ауылда. Бір сөзбен айтқанда, «ауыл» ұғымына осыншалықты қасиетті мән-мағына беретін себебіміз көп. Жалпы, менің өз ойым мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да бүгінгі ауылға деген көзқарас түбегейлі

өзгеруі қажет деп ойлаймын. Бүгінгі қазақ ауылы ескіліктің көзі немесе артта

қалған, меңіреу түкпірдегі мекен емес. Бүгінгі қазақ ауылы – осы мемлекеттің

алтын іргесі, сауатты да салиқалы орта табын қалыптастырып отырған көзі ашық,

көкірегі ояу жұрт. Ауыл көркеймесе, ауыл тұраламаса, мемлекеттің еңсесі ешқашан

көтеріле алмайды. Ауыл туралы, ауылдағы елдің қазіргі тұрмыс-тіршілігі,

бет-бейнесі, беделі туралы сөз болғанда, алдымен осыны естен шығармаған абзал

деп ойлаймын. Қазақ үшін ауыл мен мемлекет – бір ұғым. Дүниеде бір уыс жерде отырып бай  мемлекет атанып отырған елдер бар. Олардың жанында Қазақстанның байлығы жер мен көктей. Қазақтың олардан қай жері кем? Ауылдың әлеуметтік жағдайы, экономикалық әлеуеті қаламен теңескенде ғана қазақтың көзі ашылады. Мен ауылға барған сайын ұлан-ғайыр жеріміздің қадіріне жетіп, оны табысты игере алмай отырғанымыз жаныма батады. Ауыл - қазақтың алтын бесігі, салт-дәстүрі, өнері, мәдениет пен адамгершілік ортасы, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ететін де ауыл дейміз. Елбасымыздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл

жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз»,- деген сөзі өте дұрыс айтылған.  Жасампаз ауылдың тұтқасы – білімді, өнегелі жастардың қолында. Ауылдың көркеюі жастардың рухы мен ерлігіне, біліміне байланысты. Саналы әрбір азаматқа туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат болуы тиіс. Қазіргі таңда өмір сүріп келе жатқан ауылдардың тұрмысы мен тіршілігін,

жағдайларын жақсартып, білім ошақтарын жаңа технологиялық жабдықтармен

қамтамасыз ету керек. Терең білім, тума талант, дархандық, ауылдың ауасымен

сусындаған жастардың бойында мол. Нарық қыспағына ұшырап, қаңырап қалған

үйлерге, қаңсып қалған көлдерге, босап қалған жайлауға айналған тіршіліктің

бәріне жан бітеді деп ойлаймын. Еліміз егемендік алып тәуелсіздік құрған

заманда, бұл қиындықтың бәрі шешіледі деп сенемін. Себебі: ХХІ ғасыр – гүлдену

ғасыры! Келешекке үлкен сеніммен көз тастасам, менің ауылым – сәулеті асқан,

дәулеті тасыған, рухани, берекелі мекенге айналарына күмәнім жоқ.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст