"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас маман" сайысы

10.02.2017

«Ұлағатты тәлімгер –

жас маман - 2017» байқауы

     Мектебімізде 4 ақпан күні «Ұлағатты тәлімгер – жас маман - 2017» байқауы өтті. Мақсаты – жас ұстаздардың біліктілігін, жан – жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу.Бұл байқауға бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық 9 жас маман қатысты. Олар: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аубакирова Айзат Мұратқызы, тәлімгері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жунусова Амина Құмарбекқызы; орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтымбекова Мейрима Тлеханқызы, тәлімгері орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мажитова Дана Уалиханқызы; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжалы Әсет Қайырлыұлы, тәлімгері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дүйсеманова Ұлжан Жұманазарқызы; ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Камалатова Динара Сағымбайқызы, тәлімгері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дүйсеманова Ұлжан Жұманазарқызы; тарих пәнінің мұғалімі Абсаттаров Оразбек Сералыұлы, тәлімгері сызу пәнінің мұғалімі Сейтказиев Ерлан Нурсейтович; АӘД  пәнінің мұғалімі Бабабекова Айнұр, тәлімгері сызу пәнінің мұғалімі Сейтказиев Ерлан Нурсейтович; бастауыш сынып мұғалімі Құдабаева Махаббат Қалымтайқызы, тәлімгері бастауыш сынып мұғалімі Шахатова Баян Аиповна; бастауыш сынып мұғалімі Әбдірайым Гүлғайша, тәлімгері бастауыш

сынып мұғалімі Нұрмағамбетова Қайша Қабайқызы; дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Сандыбек Құралбек, тәлімгері дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тумышев Рустем Берікұлы. Ең алдымен, жас мамандар байқаудың бірінші кезеңі бойынша өздерінің портфолияларын тапсырды. «Өзін – өзі таныстыру» кезеңінде әр жас маман әнші, әртіс, көркемсөз оқу шебері сияқты қырларымен танылды. «Ашық сабақтан үзінді» көрсету кезеңінде жас мамандар дискіде жазылған сабақтарымен таныстырды. Оқушылармен қарым-қатынасы, қолданылатын тиімді әдістері көрермендер көңілінен шықты. «Белгілі тақырыпқа сабақ жоспарын құру» бөлімінде жас мамандар тәлімгерлермен бірлесе отырып, оқулықтың кез келген тақырыбына сабақ жоспарын құрды. Онда олар әр кезеңге қандай жұмыс түрлерін қолданатыны жайында жүйелілікпен талдап берді. «Өз өнерін көрсету» бөлімінде жас мамандар құйқылжыта ән шырқап, салауатты өмір салтын насихаттап, мың бұрала билеп, нақышына келтіріп өлең оқып, ақындық өнерлерін паш етті. «Ситуациялық сұрақтарға жауап беру» кезеңінде мектеп өмірінде

кездесетін тығырықты сәттерде қиыстырып жол таба білудің асқан педагогикалық шеберліктерін танытты.

Қорытындылай келе, әділ қазы алқалары «Бас жүлдені» ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кенжалы Әсет Қайырлыұлы мен тәлімгері ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дүйсеманова Ұлжан Жұманазарқызына,  І орынды қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аубакирова Айзат Мұратқызы мен тәлімгері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жунусова Амина Құмарбекқызына, ІІ орынды тарих пәнінің мұғалімі Абсаттаров Оразбек Сералыұлы мен тәлімгері сызу пәнінің мұғалімі Сейтказиев Ерлан Нурсейтовичке, ІІІ орынды бастауыш сынып мұғалімі Құдабаева Махаббат Қалымтайқызы мен тәлімгері бастауыш сынып мұғалімі Шахатова Баян Аиповнаға ұсынды. Қалған жас мамандар өз қабілеттеріне қарай әр түрлі номинацияларға ие болды. Кеш өте әсерлі өтті. Кешті жүргізген Берлібекова Гүлзат Асқарқызы да кешегі күні жас мамандар мектебінен түлеп ұшқан жас маман еді, бүгінгі күні ұлағатты ұстаздардың қатарында беделі асқақтап жүрген  тәжірибелі мұғалім.

«Жас мамандармектебінің жетекшісі»  

Абдрахманова Айгүл Ертайқызы 

Просмотров: 993


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст