"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кеші

30.11.2022 «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кеші Мектебімізде 18 қараша күні жыр дүлділі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты жыр кешін өткізілді Мақсаты:Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, оқырмандардың поэзияға деген қызығушылықтарын ояту, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру, қазақ халқына, тілге, Отанға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. І кезең «Ғасырда бір туатын дарабоз» деп аталады. Мұнда ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу. ІІ кезең «Әлі талай жыр болып жазыларсың...» Бұл кезеңде оқушылар Мұқағали ақынға арнаған өз шығармаларын оқиды. ІІІ кезең «Жырлайды жүрек» Мұқағали Мақатаев сөзіне жазылған әндерді орындайды. 5-6, 7-8, 9-11 сынып оқушылары қатысты. Мектебіміз бойынша 50- ге жуық оқушы қатысып, бас жүлде, 1,2,3 орындармен марапатталды. Кеш балаларға жақсы әсер қадырды Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев ұланғайыр мұра қалдырып кетті. Жыр кешінде өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын туралы сыр шертіліп, оқырмандар Мұқағали әлеміндегі өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шекті.
Просмотров: 204


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст