05.12.2022
Мектебімізде Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңнамасы негізінде білім алушының құқығы, қазіргі қоғамда күрделі мәселе болып отырған буллинг, кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбының негізінде тәрбие ісінің меңгерушілері, мектеп педагог-психологтары, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен 6-11-сыныптарда түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жұмыс барысында оқушылар бала құқығы, буллинг, кибербуллингтің айырмашылығы, салдары жайлы сұрақтарына жауап алып, пікірлерімен бөлісті.