27.01.2023
Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес мектеп президенті жоғарғы сынып оқушыларымен «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында кездесу жасап, оқушылармен бірге осы мәселені талқылады.
Мақсаты мен міндеттері:
- құқықтық мәдениетті тәрбиелеу үшін оқушылар арасында әлеуметтік-құқықтық білімді зерделеу және тарату;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту бойынша бастамаларды көтеру
Кездесу барысында оқушылар мәселенің себебі мен салдарын талқылап, шешу жолдары бойынша өз ұсынытарын ортаға салды. «Біз өскелең ұрпақ адал жолды таңдайық, өсейік, өркендейік! Елдің болашағы тек адал ұрпақтың қолында аман қалады» деген қорытындыға келді.
Оқушылар болашақта әлеуметтік-құқықтық сауатты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті жоғары азаматтар болып қалыптасатынына зор сенім білдіреміз!