"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ММ Мемлекеттік қызмет көрсету

31.12.2019

«Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп» ММ мемлекеттік қызмет көрсету «Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп» ММ Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында М.Маметова көшесі, 19 ғимаратында орналасқан. Мектеп 2011 жылы қолданысқа берілген. 600 орындық мектеп. Қазіргі таңда - 1110 оқушы, 20 шағын орталық тәрбиеленушілері бар. Барлық жұмыскерлер саны - 116, оның - 88 ұстаздар. Мектепте мемлекеттік қызмет көрсету дұрыс жолға қойылған. Өздеріңізге белгілі, бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру басты мәселелердің бірі болып танылуда. «Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп» ММ мемлекеттік қызметтің бес түрін ұсынады: Бастауыш, негізгі орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын даярлауға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау. Аталмыш бағытта 2019 жылы 180 қызмет көрсетілді. Жалпы білім беретін оқу орындары арасында ауыстыру – 86 қызмет көрсетілді. Бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында ұзақ уақыт бойы өздерінің денсаулық жағдайына байланысты балаларға үйде жеке тегін білім беруді ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау - 2 өтініш қабылданды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау - 35 тәрбиеленуші қабылданды. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне біліктілік санаттарын тағайындау (растау) туралы құжаттарды қабылдау – 6. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру – 2. 2019 жылы барлығы - 311 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы жұртшылықты хабардар ету жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. 2019 жылы бенефициарлардан ешқандай шағымдар келген жоқ. Жұмыс күндерін сағат 9:00 ден 18:00 – ге дейін түскі үзіліспен 13:00 ден 14:00 - ге дейін келушілерді қабылдау кестесі. Мемлекеттік қызмет көрсету қазіргі таңда электронды жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік қызметтің сапасын, қолжетімділік деңгейін жақсартуда тұрғындардың тиесілі ақпаратты меңгеруінің маңызы өте зор. Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән берілуде. А.А.Туркестанбаева «Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектеп» ММ нің директоры

Просмотров: 322


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст