31.01.2023
Мектебімізде 26 қаңтар күні 5-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» Республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 6 «А» сынып оқушысы Аиилдыз Ягмур “Құрт- адам денсаулығына қажетті құнды тағам” тақырыбында өз зерттеу жұмысын сәтті қорғап шықты. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тилеухан Маржан. Орыс тілі мен әдебиеті секциясы бойынша 5 «Б» сынып оқушысы Азаматұлы Алдияр «Казахские народные сказки» тақырыбындағы зерттеуінде қазақ ертегі кейіпкерлері бейнеленген заттарды жасап әкеліп таныстырды.Жетекшісі орыс тілі мен әдеиеті пәнінің мұғалімі Абдуллина Гулдарай Жанабаевна. Химия, биология секциясы бойынша 7 «В» сынып оқушысы Орынбасарқызы Гүлсезім «Балаларға арналған жуғыш заттардың құрамы және олардың баланың денесіне әсері» тақырыбындағы зерттеуімен шықты. Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Мәсәлім Айнамкөз Заманбекқызы. 7 «В» сынып оқушысы Орынбек Ақкербез «Шаш сұлулықпен адам денсаулығының көрсеткіші»- тақырыбындағы зерттеу жұмысын сәтті қорғады. Жетекшісі биология пәнінің мұғалімі Назтан Арайлым Байғалиқызы. Медицина, психология секциясы бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Серикбай Аружан «Адамның мінез-құлқына, көңіл-күйіне әсер ететін иістер»- тақырыбындағы зерттеу жұмысын барлық талаптарға сай сәтті қорғап шықты. Тәжірибелік бөлімде жетекшісі география пәнінің мұғалімі Мысанова Гаухар Бауыржановнаның бағыт-бағдарымен өте жақсы зерттеулер жүргізілген. Тарих, өлкетану секциясы бойынша 6 «Д» сынып оқушысы Семсер Айдана «Ешкі сүті – дертке ем» тақырыбында зерттеу жұмысына арнайы макет жасап өз жобасын сәтті қорғап шықты. Оқушыларды әділқазы алқасы жүлделі 1,2,3 орындармен марапаттап, аудандық кезеңге ұсынып, сәттілік тіледі . Жас ғалымдардың жоба жұмыстарына бағыт-бағдар берген жетекшілеріне де Алғыс хат берілді.