30.01.2024
И.Құтпанұлы атындағы орта мектебінде белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы ,профессор , Қазақстан ҰҒА-ның академигі Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевтің құрметіне арналған «Қазақ есебі» байқауы болып өтті.
Байудың мақсаты: Оқушылардың математикалық және логикалық есептерді шығаруға деген қызығушылығын ояту, зияткерлік қабілеттерін дамыту. Математикалық білімнің өмірмен байланысын көрсету.
Байқауға 5-8 сыныптар арасында 72 оқушы қатысып, математикалық сауаттылық және логикалық есептерді шығарып, зияткерлік қабілеттерін көрсетті.