Текст
19 наурыз күні «Шаңырақ» жобасы бойынша 7 а, 8 г, 11 а сынып оқушыларынан құрылған Абай облысының күндері аясында «Қайырымдылық, адалдық жәрмеңкесі» болды. Мақсаты: адалдықтың – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі екендігін түсіндіру және жәрмеңкеден түскен қаражатты қайырымды іске жұмсау. Оқушылар ата-аналарының қолдауымен оқушы денсаулығына пайдалы ас мәзірін дайындап, қолжетімді бағамен оқушыларға ұсынды. Үй тағамдарына риза болған мектеп оқушылары сүйсіне жеді. Жиналған қаражат әлеуметтік тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларға көмек ретінде жұмсалатын болады.