Текст
Ақмола облысы Аршалы ауданы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде 8 сыныптар арасында информатика пәнінен «IQ geme» зияткерлік ойыны сыныптан тыс ашық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімін сайысқа түсіріп, логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, дарынды озық болуға тәрбиелеу.Іс шара барысында оқушылар барлық кезеңдерге қызыға отырып белсене қатысты. Логикалық сұрақтарға жауап беріп, компьютердің ішкі құрылғыларын атап толық түсіндірме айтып беріп отырды. Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды. 1 орын Excel тобы 2 орын Payton тобы 3 орын Сәттілік тобы жеңіске жетті. Іс шараны өткізген информатика пәні мұғалімдері Сейтмуратова Майра Максетовна, Бегемқұл Самат