«Балалар және театр» ағартушылық жобасы аясында 7 ақпан күні Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «ЖОШЫ ХАН» тарихи драмалық қойылымын 9-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары тамашалап қайтты. Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиесінің факторы, тұлғаның үйлесімді дамуы, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту факторы ретінде қолдауға және дамытуға ықпал етеді. Жошы хан – Ұлы дала кіндігі Ұлытауда Жошы ұлысының ордасын тіккен хан, Шыңғыс қағанның үлкен ұлы. Түркі баласын бір тудың астына жинап, артынан ерген елдің тыныштығы мен біртұтастығын ойлаған оғлан. Шыңғыс ханнан кейін қаны түркі баласына бір шаңырақтың астына бас қосқызып, бір қазаннан дәм татқызған, тағдырын бір қазыққа байлаған Жошы өмірі – елдің елдігін, ділдің бастауын көрсететін құндылық.