"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетау қаласында «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өтті

09.02.2024

8 ақпан күні Көкшетау қаласында «Мәшһүр Жүсіп оқуларының» облыстық кезеңі өтті. Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінен 10 «Б» сынып оқушысы Әділжан Мұхит «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» номинациясы бойынша қатысты. Мұхит Мәшһүр Жүсіп шығармашылығынан ұсынылған «Сарыарқаның кімдікі екендігі» өлеңінің тақырыбы мен идеясын түсініп, жаңашылдығын көтеріп, өз өлеңімен үндестіріп өлеңін шығарып, әділ қазылар алқасына ұсынды. Сонымен қатар, Мұхит осы уақытқа дейін жазған өлеңдерін топтастырып, «Ей, жастар, оянатын кез келді!» атты жинағын ұсынды. Өнер мен білім қуған жас ұрпағымыз - еңселі еліміздің ертеңгі болашағы! Мұхит, болашағың жарқын болсын! Қаламың мұқалмасын. "Бал тамған өтірікті емес, қан тамған шындық жазатын" мықтылардың қатарынан бол! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдрахманова Айгуль Ертааевна

Просмотров: 245


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст