Текст
13.02.2024
Бүгін 13 ақпанда мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Алтаев Нұрлан «Мен заманауи ұстазбын» тақырыбында шебер сынып өткізді. Сабақ барысында ұстаздарға қажетті Qazphys білім алу порталы мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар Тик ток, Ютуб каналына видео сабақтар жүктеп, тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Голограммалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы өз тәжірибесімен бөлісті.
https://www.youtube.com/channel/UC7CahJ8Jyc-64tuR7-UiZrg
https://nurlanaltayuly.wixsite.com/qazphys
https://www.tiktok.com/@nurlanaltayuly