"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әжелер сөзі – ақылдың көзі» деген тақырыпта әжелер мен қыздардың кездесу кеші өтті.

16.02.2024 «Әжелер сөзі – ақылдың көзі» 13-ақпан күні мектебіміздің акт залында «Салтанат» қыздар ұйымының төрайымы Сердалы Жазира Кикбайқызы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манар Жакенқызының ұйымдастыруымен «Әжелер сөзі – ақылдың көзі» деген тақырыпта әжелер мен қыздардың кездесу кеші өтті. Кездесу кешіміздің мақсаты: Қыз балаға келешекте ана алдындағы қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу, ақ жаулықты аналарымыздың пікірлерін тыңдату арқылы қазақ қызы осылай болу керек деген ой қалдыру. Жазира Кикбайқызы жүргізген бұл кешті тәрбие ісінің меңгерушісі Манар Жакенқызы жылы тілегімен ашып беріп, мектеп психологы Жанат Ғалымқызының «Танысу» тренингімен жалғасты. Мектебіміздің бүлдіршін қыздарынан құралған «Көркем-ай» би тобының қыздары сахнада мың бұралып билеп, әжелерімізге өз өнерін көрсетті. Кездесу кешімізді ары қарай ойымызда жүрген тақырыптарды әжелермен бірге ой-пікір түрінде ортаға салып, топтарға бөлінген қыздар мен әжелер белгіленген тақырыптар бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Атап айтсақ, 7-сынып қыздары арасында әжелермен бірге «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», 8-сынып қыздары арасында «Бой түзеу – әуелі ой түзеу» тақырыптары қозғалса, 9 сынып қыздарымен бірге әжелеріміз «Қыз арманы бақытты өмір» және 10-11 сынып қыздарымен бірге «Болашағың өз қолыңда!» тақырыптарында әңгіме-пікір жүргізіліп, кеш соңында әжелер бата беріп, «Салтанат» қыздар ұйымының қыздары әжелердің пікірлерінен түсінген ойларын «SYOT» талдауы арқылы қортындылады. Белсене қатысқан сынып жетекшілер 7 мен 7-10 сынып қыздарына алғыс білдіреміз.
Просмотров: 821


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст