19.04.2024
Қазақтың біртуар данасы, данышпаны,ғұламасы ұлы Абайды танытып білдіру, оның ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, Поэзияны сүйдіру, ақынның шығармаларын оқу жаттау арқылы өмірлік құндылықтарды түсіндіру, рухани танымдарын кеңейту, ақ- қараны айырып, ғұмырлық адами мұраттарға ұмтылдыру мақсатында 514 бұйрыққа сай кезекті мектепшілік Абай оқулары 5-7-сыныптар арасында 4 номинация бойынша өткізілді.Сайысқа балалар өтежақсы дайындықпен келген екен. Жақсы нәтижелер көрсетті.
«Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы» номинациясы бойынша 5-сыныптар арасынан Тоқтасын Сезім бас жүлдені, Ауангарт Бибиза 1-орынды, Сұлтан Нурасыл 2-орынды, Ербол Бейбарыс пен Зайт Нұрдос 3-орындарды иеленді. Ал 7-сыныптар бойынша Уәлихан Айзия бас жүджені, Тұрысбек Сабина 1-орынды, Қойшыбаева Арайлым 2-орынды, Сұлтан Ақерке 3-орынды иеленді
«Абайдың қарасөздері» номинациясы бойынша 7-сыныптар арасынан Абдурайм Диана бас жүлдені, Шаграева Мариям 1-орынды, Идрисова Аяжан 2-орынды, Атығай Еркежан 3-орынды иеленді.
«Көңілім әндә ұғады» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Мұханбет Томирис 1-орын, 5-сынып оқушысы Есентаева Айлана 2-орын, 7-сынып оқушылары Бейсенбаева Нурайым мен Ержан Қазына дуэт орындап 3-орынды иеленді.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша 6-сынып оқушысы Берденбек Каусар 2-орынды иеленді,
Ұлы Абайды танытып білдіру, оның өлеңдерімен сусындату жас ұрпақты өмір атты асау ағыста адастырмай,дұрыс бағыт,бағдар көрсететініне күмәніміз жоқ. Абай дара, Абай дана қазақта!