27.04.2024
Бүгін 26 сәуір «Ақмола облысының білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Сараптамалық кеңестің мүшелері мектебіміздің директоры, магистр Акнур Арысбаевнаның «Оқытуды метапәндік деңгейде жоспарлаудың жолдары» тақырыбы бойынша ұжымдық инновациялық педагогикалық тәжірибе материалдары қаралды. Ұжымдық жоба аясында мектебіміздің 16 ұстазының атап айтсақ, Хусайн Х. қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Камышева Р.Ж, Сиздикова А.К. математика пәнінің мұғалімдері, Дуйсеманова У.Ж, Болатхан А.Б. ағылшын тілі мұғалімдері, Сарсенбаева М.К, Мажитова Д.У, Абилсеитова Б.К. орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері, Кадырбаева Б.К, Ташетова Н.Б, Айкынбаева М.М, Бахытхан О. тарих пәнінің мұғалімдері, Сейтказиева А.М. физика пәнінің мұғалімі, Темирбекова М.А. биология пәнінің мұғалімі және Байгаскинова К.З. Шахатова Б.А. бастауыш сынып мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибелерін аудандық Сараптамалық кеңес мүшелері бірауыздан қолдап, облыстық әдістемелік орталықтың Сараптама кеңесінде қарауға ұсынылды. Әріптестерімізге сәттілік тілейміз!