Текст
Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде он алты ұстаздың ұсынған "Оқытуды метапәндік деңгейде жоспарлаудың жолдары" атты ұжымдық жұмысы облыстық Сараптамалық кеңес шешімімен облыстық деректер банкіне енгізіліп, алдағы уақытта жоспарланған іс шараларда таратылатын болды. Сонымен қатар барлық он алты педагогтың жұмыстары озық педагогикалық тәжірибелер мен бағдарламалар авторларына арнайы сертификаттар табысталады. Әріптестерімізге шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз!