"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абай оқулары

13.04.2018

                                 ЛЕНСКИЙДІҢ СӨЗІНЕН  

Барасың

қайда ,қайда болмай маған,

Жас

өмір алтын –күміс жарқылдаған ,

Келер

күн келеді екен не дайындап,

Қараңғы

қарағанмен болжай алман.

Мінеки,келіп

қалдық атар таңға,

Жарқырап

күнде де шығар тірі жанға,

Табытқа

салып алып ,әлде мені

Апарар

сырын білмес бірдалаңға.  

ОНЕГИННІҢ ӨЛЕРДЕГІ СӨЗІ

Жарым

жақсы киім киіп,

Келді

жанға жылы тиіп.

Диуана

болды бұл көңілім,

Басылмай

бір құшып ,сүйіп.

Бойым

тұр дал болып иіп,

Көңілім

жұр құс болып шүйіп.

Есіркеп

сүйгізіп еді,

Кетппін

жүз есе күйіп.

Қылдың

арам ойыңды.

Бір

бұрмадың мойныңды.

Сен

ақылмен көңліңді

Тыйып,жеңдің

бойыңды.

Мен

бұзылып түзеле алман,

Қайтсін

дедің сорлыңды...

Атам,анам

қара жер ,

Сен

аша бер қойныңды.

Сенен

басқа еш жерден

Таба

алмадым орнымды.  

ОНЕГИННІҢ СИПАТЫ

«Пушкиннен»

 Жасынан түсін

билеп, сыр бермеген, 

           Дәмеленсе,күндесе,

білдірмеген,

                               Нанасың не айтса да, амалың жоқ,

                               Түсінде бір кәдік жоқ «алдар» деген.

Кейде паң,кейде көнгіш орныменен,

Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.

                               Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

                               Ғашықтық сөзге

жүйрік әсіресе,

                              «Дем  алысым,құмарым-бір сен»десе.

                               Жанын  құрбан жолына қылған жансып,

                               Көз қаруы құбылар

әлденеше.

                               Кейде

ұялшақ,төменшік,кейде тіп-тік,

        Қамыққан сып қайғырып,орны

келсе.  

                              Жап-жаңа кісі болып

түк білмеген,

                              Қалжыңын

білдіртпейді «қалай» деген.

                              Жаның шошыр,

өрлігі жаннан бөлек.

                              Кісіге балдан

тәтті орны келген.

                              Биттей бойы босаса,

сезер сонда.

                              Жастық жеңіп,

көңілді шайқағанда.

Ғашық құмар, ақылмен бойыңды алып,

                              Жылы жауып естір не

қылса да.

                             Жылы ізін суытпас, дамыл

көрмес,

                             Бір оңаша жолығар жер айтқызар.

                             Ен аулақта оңаша қолына алып.

                             Көңліндегі сабағын айтып тынар.

   Жасынан

көрсе оны ақылы сасқан

                               Не сұрқия жандарың жұрттан асқан.

                               Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста.

                               Өзіне күндес шықса жол таласқан.

                               Ажауға, қорлауға тілі орамды,

                               Не түрлі тұзақ құрып көңілін басқан

      Татьянаның Онегинге жазған хаты

Амал жоқ – қайттым білдірмей,

Япырамау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей.

Не салсаң да тартамын.

Талапсыз,бақсыз мен сорлы

Еріксіз аттап үяттан.

Қорлыққа көндім бұл құрлы.

Байқалар халім бұл хаттан.

Әлімше мен де ұялып.

«Білдірмен» дедім өлсем де.

Шыдар ем күйіп мен жанып.

Айында бірер көрсем де.

Болмады көріп қалуға

Есітіп біраз сөзіңді.        

Шыдар ем бір ай жатуға,

Ұзақ түн жұмбақ көзімді.

Қызықтан қашып бұл жерге

Көңілсіз суып келіпсіз.

Мәнісін сұрап білуге

Тілдесе алмаймын еріксіз.         

     БАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ

   Абай бала кезінде

ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып

алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау,

Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін

білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың

өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды,

енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен. Құнанбай

кажыныңда кеңінен толғап сөйлер тереңдігі, өз тұстастарының ғана емес, шетелдік

саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген

қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай

сегіз жасында әуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл

молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа

толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған,

Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да

қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі

тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан 

зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты

молдасының бір

окып, бір-ақ рет

түрікшеге аударып берген сөздерін кітапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай

зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге

балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған

уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады.

.

Оқуға кірген соң-ак,

тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың

көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп,

тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір

өлеңдері ұлғайып, кәрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмытылмаған"

деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калыптасу кезеңің айғақтайды. Абай бір

жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы

басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е.

Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М.

Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс

болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым

салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған

философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі

ақындардың өзіне әсері болған кесек туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған

өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады.

Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай

оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке

ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке қасында болған жылдарда

қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша

үкметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ

болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп,

соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын,

отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша

үкіметінің отаршылдық саясаты мен оның аярлығын түсінбей өзара қым-қиғаш

айтыс-тартыска түскен, танымы таяз болыстар мен ел билеушілеріне қарсы күресуге

бел буған Абай болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне

болыс болады. Бұл жылдары ел қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын

тең ұстауға күш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен,

Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж.

И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз

қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен,

білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі."     

Қара сөздер (45-қара сөз)

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі - неше мың жылдан бері

әркім әртүрлі қылып сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа

һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғадаләт, махаббат құдайға лайықты дегендігі.

Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пендеміз. Сол

махаббат пен ғадаләтке қарай тартпақпыз, сол алланың хикметін біреуден біреу

анығырақ сезбекпен артылады. Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін

деген емес.

Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ,

кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта

да махаббат пен сезім бар. Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол

кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып,

жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

Біздің қазақтар Бийскідегі, Кузнецкідегі қалмақтарды "білеут"

дейді. Менің ойым: осы "білеут", "брут" бір сөзден шыққан

деймін, о да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес. Ол татарлар ұрысшыл, аңшыл, не

болса, соны киіп, не табылса, соны ішіп-жеп жүрген бір тұрпайы халық екен.

Олардың орны Енесей, Аңқара суының бас жағында болыпты. Солардан аңшылар жыл

жүріп, екі жыл жүріп қайтатұғын әдеттері бар екен. Сол аңшылардың естіген,

көрген хабарыменен бұрын көрмеген жерге болмаған мақтау айтылатұғын әдетіменен

қысы аз, жазы көп дегенге, әуелден өздері жер шаруасын қылмай, мал сақтаушы

халық болған соң, "мал сақтауға жақсы жерге барамыз" деп, бұл

 жаққа қарай неше мәртебе халқы шығыпты. Соның бірі біздің қазақ екен.

Қай-қай жерменен келгендігі, қанша жылда келгендігі мағлұм емес. Әйтеуір,

Алатаудың бөктеріне келіп, мекендеп тоқтапты.

Арғы жер бұрыннан

ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол

ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті. Бұлар қарадық десе

де, ішінен дұшпан болып жүріпті. Әуелден өзін өзі билеп, азаттықпен жүрген халық,

біратола біреуге бағынбақты ауыр көріпті. Түбінде олар да маңғұл нәсілді болса

да, бұларға жат көрініпті. Сол уақыттарда арабтан бұл Орта Азияға дін исламды

үйретушілер көп әскермен келіп, халықты жаңа дінге қаратып жүргендерінде

Құтайба атты кісі Қашқарға шейін келіп, халықты исламға көндіргенде, бұлар да

мұсылман болдық депті. Сөйтсе де, бұрыннан бақсы-балгерге инанып, отқа, шыраққа

табынатын әдеттерімен

исламға тез түсініп кете алмапты. Ол кезде шала-пұла хат таныған кісісі болса —

оны "абыз" дейді екен. Ол "абыз" демек әуелде шаман

дініндегілердің өз молдасына қоятын аты екен. Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі

жетпесе, сол нәрсені құдай қылып тұр деп, дін

тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар: келін

түскенде үлкен үйдің отына май құйып, "От ана, май ана, жарылқа!"

дегізіп, бас ұрғызған секілді, "өлген аруаққа арнадық" деп шырақ

жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұлт күркірегенде, қатындар шөмішімен үйдің

сыртынан ұрып,

Сүт көп, көмір

аз" деген секілді. Бұған ұқсаған ырымдар көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде

жоғалып бара жатқанға ұқсайды.

Сол арабтар көшпелі халықтарды "хибаи" деп, "хұзағи"

деп атапты. "Хибаи" дегені киіз шатырмен жүруші деген екен.

"Хұзағи" дегені өз жүртында жәні хұзағи деген көшпелі халқы бар екен,

соған ұқсатып айтқан екен. Сол уақытының бір ханы көшіп келе жатқанда бұлардың

тіркеулі түйесін көріп, "міне мыналар шынымен қаз-ақ екен" депті,

әдейі қайтқан қазға ұқсайды-ақ екен деп. Сонымен, бұлар өзін өзі де, өзге

жұрттар да қазақ атап кетіпті, бұрын өздерін "ұлыс" дейді екен де,

жүре береді екен.

Қара сөздер (02-қара сөз)

·        

 Мен

бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын,

кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан,

бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан,

«сарт- сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден

қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше,

ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік

ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс»

деп.

Орыс ойына

келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті»

деп.

Сонда мен ойлаушы

едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең

тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп,

қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам,

сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері

жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір

шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін,

тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол

айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп

үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық,

сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке

де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды.

Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның

малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің

ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық,

сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор

болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар

сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған,

күлген сөздеріміз қайда?

Қара сөздер (02-қара сөз)

·        

 Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ

сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан

үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке»

десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт- сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе,

оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу

жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді,

солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды

көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты

тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған,

жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір

үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ,

саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре

болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда

қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға

қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да,

орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен

молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам,

солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда,

медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар

біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін,

біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың

білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып

шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал

тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да

жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе

сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі,

салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз

жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән

пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады.

Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор

болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз.

Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?
Қара сөздер (02-қара сөз)

·        

 Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ

сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан

үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке»

десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт- сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе,

оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу

жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді,

солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды

көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты

тауып бер депті» деп.

Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған,

жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір

үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ,

саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре

болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда

қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға

қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да,

орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен

молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам,

солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда,

медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар

біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін,

біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың

білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып

шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал

тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да

жоқпыз. Бағанағы мақтан,

бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?

Просмотров: 523

Добавить комментарий

Включить данные в подпись

Текст