"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпыұлттық ата - аналар жиналысы

16.05.2018

Иманжүсіп

Құтпанұлы атындағы  орта  мектебі

 

Мектепшілік жалпыұлттық ата-аналар жиналысы

Хаттама № 4

  Күні: 12.05.2018 жыл

Барлығы:        542   ата-ана

Қатысқаны:       434   ата-ана

Күн тәртібінде:

 

1.    2017-2018 оқу жылының қорытындысы және білім сапасы. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейтказиева А.М

2.  Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру –тәрбие негізі –  директордың тәрбие ісі меңгерушісі  Хакимжанова

3.    Мектептегі қорғаншылық кеңесінің қызметі. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілі Арыстанбекова Ж.И

4.    Отбасы құндылықтарын насихаттау жіне отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту. Бастауыш сынып мұғалімі Маханова А.Ш

5.    11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау.  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейтказиева А.М

6.    Оқу процесін цифрландыру, Бастауыш сынып мұғалімі Шахатова Б.А

 

Тыңдалды:

     Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сейтказиева Асыл Маратовна мектеп бойынша 2017-18 оқу жылының білім сапасы туралы хабардар етті. Мектептің оқу жылына сәйкес аудандық пәндік олимпиададан он оқушы І-орынды, он бір оқушы ІІ орынды бес оқушы ІІІ орынды иеленді. Аудандық С.Торайғыров оқуларына қатысып І орын алды. «Сөз шебері» эссе жазу номинациясы бойынша 7а сынып оқушысы Сардарқызы Аружан «Тілші әдебиетшілер» номинациясы   бойынша 7ә сынып оқушысы  Өсербай Әсия облыстық «Жарқын болашақ» сайысына қатысып алғыс хаттар алды. «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу әдістемелік орталығы» өткізген Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен Республикалық олимпиаданың 2 дәрежелі диплом иегері 11 сынып оқушысы Қабдрахман Айғаным марапатталды. Алматы қаласы , Жазушылар

сарайында  өткізілген I Республикалық “Абайдың асыл мұрасы” атты Абайдың қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқудан өткен сайыста мектебіміздің 8 «ә» сынып оқушысы Батталова Мақпал ІІ орын иеленсе, 7 «ә» сынып оқушысы Бексейіт Алуа «Нұрлы ақыл» номинациясымен марапатталды. Биылғы оқу жылының қорытындысымен бірге түрлі олимпиадалар мен білім сайысына қатысқан оқушылар аталып, ата-аналарына алғыс білдірілді. Келесі сөз кезегін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру –тәрбие негізі –  директордың тәрбие ісі меңгерушісі  Хакимжанова Кулия Мұратхановна алып «Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі» баяндама оқыды. Осы бағдарламаның «Туған жер» бөлімі бойынша тәрбие мәселесін көтерді. «Тәрбие және білім» бағдарламасымен таныстыру арқылы қазіргі таңдағы өзектілігін мектептегі білім беру үдерісімен байланыстыра айтты. Аталмыш бағдарлама бағыты аясында мектепте 2017-2018 оқу жылында өткізілге тәрбиелік іс-шараларды атап өтті.

«Отаным – тағдырым» бағыты бойынша оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты жаңартылған білім беру бағдарламасына ауысу бойынша ақпараттар берілді.

Келесі сөз кезегін мектептегі қамқоршылық кеңесінің қызметі туралы қамқоршылық кеңес мүшесінің өкілі Арыстанбекова Жұмагүл алып, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру тәртібімен таныстырды. Қамқоршылық кеңестің қазіргі таңда келеңсіз жағдайлардың алдын-алуда маңыздылығы туралы айтты.

Келесі «Отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту» тақырыбында Маханова Алмагүл Шертаевна баяндама оқыды. Мұғалім отбасы құндылығының қазіргі қоғамдағы өзектілігін айта келе, отбасы мен мектеп одағының маңыздылығына тоқталды.

Келесі сөз кезегін директордың оқу ісі орынбасары Сейтказиева Асыл Маратовна алып, 11 сыныпты аттестаттау бойынша баяндады. 9, 11 сыныптар бойынша мемлекеттік аттестаттаудың ерекшелігін айтып, 4, 9 сыныптар үшін жазбаша, 11 сынып қорытынды аттетаттау физика, химия, информатика пәндері бойынша өткізіледі. Сонымен бірге әрбір пәннің өткізілетін уақыты да хабарланды. Ұлттық формат бойынша 120 сұрақ, шектік балл 50 ұпай. Дайындық кестесі жасалған, Оқушылармен сынама тестке дайындық жүргізіліп жатыр.

Оқу процесін цифрландыру жүйесі бойынша Шахатова Баян сөз алып оқу процесін цифрландыру – заман талабы екенін айтып өтті. Жалпы, биылдан бастап мектеп оқушыларға баға қоюды Күнделік.кз сайты арқылы жүзеге асырып жатыр. Келесі оқу жылында қағаз журнал болмайды. Бүгінде Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің құрамына енді.

Цифрландыру барлық салада іске асырылуда. Біздің мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері де        E-gov порталына тіркеліп, жалпы түрлі қызметтер алдағы уақытта осы портал арқылы жүзеге асырды. Мектеп мұғалімдері

Білім-лайнд, Күнделік.кз сайттары арқылы жұмыс істеп, жетістіктерге жетуде.Ендеше, Күнделік.кз сайты арқылы балаларыңыздың оқу үлгерімін үнемі  бақылап отырсаңыздар деп баяндамасын аяқтады.

Соңғы сөз кезегін мектеп директоры Махамбетова Галия Хасеновна алып ата-аналарды бүгінгі Отбасы мерекесімен құттықтап, келгендеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ оқу жылы бойы жүлделі орындар мен марапаттарды оқушылар мен ата-ана, ұстаздар ұжымдық әрекетінің нәтижесінде екендігін айтып өтті. Мектеп өмірімен етене байланысып,

материалдық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ата-ана Иманмусаева Жұмагүлге. Қуанышевна Жұпаргүлге, Рабат Раханұлына, Көпжасар Шнуалиевичке, Қанат Қалиақпарұлына құрмет білдіріп, алғыс хаттар тапсырды. Сонымен

бірге, балалардың жазғы демалысын қалай ұйымдастыру керек екендігі туралы пікірі бар екенін айтуларын сұрады.

Қаулы:

1.    Бірінші мәселе 2017-2018 оқу жылы  бойынша мектеп жетістіктері,  қанағаттанарлық деп танылсын.

2.    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші бағдарламасы «Тәрбие және білім» бөлімі мектептің тәрбие жұмысынды іске асыру жалғассын.

3.    Мектептегі Қамқоршылық кеңес өз жұмысын жандандырсын.

4.    Отбасы құндылығын насихаттау барысында отбасы мен мектептің байланысы нығайтылсын.

5.    11 сынып оқушылары мен ата-аналарына қорытынды аттестаттау мен ҰБТ туралы түсінік

жұмыстары кеңінен жүргізілсін.

6.    Оқупроцессін цифрландыру жоғары деңгейде жүзеге асырылсын.

 

 

 

Хатшы:                     Аубакирова А.М

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст