Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде «Үздіктің үздігі 2021 жыл» сынып жетекшілер байқауы өткізілді. Сайысқа бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім- тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық сынып жетекшілеріміз тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өзінің озық педагогикалық тәжірибесін көрсете алған сынып жетекшілерге алғысымызды айтамыз.
Өскелең ұрпаққа тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыруда өзінің тәжірибесімен бөлісуде жоғары жауапкершілік танытқан: Айқынбаева Мадина Муратовна және Сиздикова Айгул Каратаевна Торсықбаева Жанар Сапаржановна «Алғыс хатпен» марапатталды.
ІІІ дәрежелі диплом және арнайы кубокпен сыныпта тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өзінің озық педагогикалық тәжірибесін көрсете білген: Берлібекова Гүлзат Асқарқызы, Назтан Арайлым Байғалиқызы марапатталды.
ІІ дәрежелі диплом және кубок қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттырудав шығармашылықпен ата-ана, мектеп арасындағы байланысты көрсете білген: Омарбекова Ақмарал, Бахытқан Ойғырбай марапатталды.
І дәрежелі диплом білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіруде дарындылығымен теориялық және кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсете білген: Асемова Эльмира Беркінбекқызы, Бақытнұр Өркен марапатталды.
Сонымен бас жүлдені мектепішілік « Үздіктің үздігі» айдарымен өткен сынып жетекшілер байқауында сыныппен, ата-анамен жұмыс жасауда инновациялық және шығармашылық идеяларын шеберлікпен көрсете білген 4-ші сынып жетекшісі: Ергеш Нұрсулу Еркінбекқызы және 9-шы сынып жетекшісі: Кадырбаева Бибигуль Кенесбаевна марапатталды.
Дегенмен байқау барысында сынып жетекшілердің ішінен өзінің педагогикалық шеберлігімен, мол тәжірибесімен, шығармашылығымен, ұстаздық дарындылығымен өз ісінің майталмандарын қазылар алқасының шешімімен «Мектебіміздің АЛТЫН ҚОРЫна» енгізу туралы Сертификат біріліп алтын медальмен марапатталды.
Шығармашылық шыңдалуға әріптестермен тәжірибе алмасуда осындай байқаулардың өтуі жаңашылдыққа, ізденіске жетелейді. Сондықтан да осындай байқауды жылда өткізілуі дұрыс деп есептеймін.