"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Раушан Нұрханқызымен кездесу кеші.

23.03.2021

Раушан Нұрханқызымен кездесу кеші.
Наурыздың  бесінші жұлдызында  Иманжүсіп  Құтпанұлы атындағы  орта мектебінің  тарих  жіне  қазақ тілі мен әдебиеті  пәндері мұғалімдері, 9-сынып жетекшілерінің  ұйымдастыруымен  профессор, философия ғылымының  докторы, Иманжүсіптанудың  негізін салушы  Иманжүсіпова Раушан Нұрханқызымен кездесу кеші ұйымдастырылып,өткізілді. Кешке Иманжүсіптануда  ерен еңбек  етіп жүрген еліміздің беделді  жоғарғы оқу орындарының магистранттары, ғылыми қызметкерлері, Раушан Нұрханқызының шәкірттері  қатысты. Кеш  барысында 9-11-сынып оқушылары  батыр, ел тәуелсіздігі  үшін күрескен күрескер, сазгер, ақын Иманжүсіп Құтпанұлының  мол мұралы тағылымымен таныстырып, өлеңдерін  оқып,   мектебіміздің  тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен Иманжүсіпова Раушан Нұрханқызының  ғибраты мол рухани , мағыналы жылы диалогтарының  куәгері болды. Кештің қорытынды бөлімін  мектебіміздің мақтанышы,  жас ақын,  аудандық, облыстық, республикалық  сайыстардың жүлдегері 11-сынып оқушысы Батталова Мақпалдың   Иманжүсіп Құтпанұлына арнаған керемет туындысымен аяқтадық.

Просмотров: 212


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст