Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебінде қазанның 4-ші жұлдызында тәжірибе алмасу мақсатымен Германиядан мұғалімдер ұжымы келіп, мектептегі оқу процессінің жүргізілу тәртібі және талаптарымен танысты. Германиядан келген қонақтарды Иманжүсіп Құтпанұлы мектебінің ұстаздары «Нағыз қазақ- қазақ емес,нағыз қазақ- домбыра»- демекші қазақтың әсем күйімен, шашу шашып, жақсы көңіл -күймен күтіп алды.
Мектебіміздің ең шебер ұстазы атанған,еңбек пәні мұғалімі- Койшыбаева Батима Каниевна 8-сынып оқушыларымен шебер қолдар үйірмесінің 8-сынып оқушыларымен қазақтың ұлттық салт- дәстүрін дәріптей отырып, қазақтың ұлттық оюларын ойып, шебер сағатын өткізді. Германиядан келген қонақтар оқушылардың үздік
жұмыстарымен тәнті болды, қонақтарымызда оқушылармен бірігіп жұмыс жасап, сонымен қоса істеген жұмыстарын сыйлық ретінде алып кетті.
Орыс тілі пәндер сайысында «Ең үздік ұстаз» атанып, Гран-при мадақтамасын алған орыс тілі пәні мұғалімі - Сулейменова Гулнар Естаевна «Диалог культур по творчеству «Абай, Лермонтов, Пушкин и Гете»» атты 9 «ә» сынып оқушыларымен 3 тілде ашық сабақ өткізді. Оқушылар ғұлама ақындардың өмірбаянымен таныстырып, өлең жолдарын мәнерлеп айтып, қазақтың ұлы ақыныАбай Құнанбаев атамыздың әнін домбырамен шырқады,келген қонақтардың бірі неміс тілінде ұлы Абайдың аудармасын оқып берді. Ашық сабақ өте үлкен дәрежеде жүргізіліп, есте қаларлық әсер.
ДуйсемановаУлжан Жуманазаровна «Ең зерек» атты 6-7 сыныптар аралығында ағылшын тілі пәнінен зияткерлік сайысын өткізді. Бұл сайыс бірнеше турдан тұрды, мысалы әр топ өздерін ұрандарымен,төсбелгілерімен өте жоғары дәрежеде таныстырып өтті. Сайысқа жақсы дайындалған 7а, 7б сыныптарын байқадық. Себебі берілген тапсырмалар мен қойылған сұрақтарға белсенді қатысып отырды. Бұл сайыстың қорытындысына келер болсақ-
оқушылардың сауатты жауаптарымен келген қонақтарды да мектеп ұстаздарын да риза етті және келешекте өз отанына белсене қызмет ететін, отанын сүйетін, білімді ұрпақ болып өсетініне көзіміз жетті.
3«а»- сыныбының сынып жетекшісі Серикова Карлыгаш өз сыныбында «Шегіртке мен құмырсқа» тақырыбына ашық сабақ өткізіп, мысалдар келтірді. Оқушыларға жеке және топпен тапсырмалар беріліп,өте ұтымды жауаптар алынды. Тақырып толығымен ашылып, сабақ жоғары деңгейде өткізілді.
Спорттық ойындардан бірнеше рет облыстан, ауданнан үздік орындарды иемденіп жүрген дене тәрбиесі мұғалімдері - Тумышев Рустем, Сандыбек Құралбек, Шайзада Серікбол, Байлау Жұрағат және Сагидуллаев
Бекарыс сияқты ұстаздарымыз оқушыларға бар ынтасымен сабақ беріп, барлық жағынан қауіпсіздікті сақтауға тырысады. Ең бастысы «Денсаулық-зор байлық»-демекші, спорт өмірдің ең бірінші досы.
Қазақ қашанда досында, жауында астан шеттетпеген. Біздің мектептің ұстаздары да бұл дәстүрді ұмытпай, келген
қонақтарымызға қазақтың нағыз бай дастарқанын жайып, биін билеп, күйін шертті. Бұл қазақтың керемет дәстүріне келген қонақтарымыз өте риза екенін және алғыстарын білдіріп, бізді де өз елдеріне қонақ болуға шақырды. Бұл, И.
Құтпанұлы мектебінің ұстаздары мен оқушыларының білімді, білікті, бір жұдырыққа жұмылып, ұйымшыл жұмыс істейтініне тайға таңба басқандай дәлелдеп шықты.