"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі" коммуналдық мемелекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа имени Иманжусупа Кутпанулы села Жибек жолы отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»;

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету"

12.02.2022 Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектебінде ақпанның 11- і күні 6- шы сынып оқушыларының ата - аналарына " Білім алушылардың ерте кәсіби бейімделуін қамтамасыз ету" тақырыбы аясында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Туркестанбаева А.А. және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Хакимжанова К.М. ата- аналарға келесі оқу жылына арналған типтік оқу бағдарламасын түсіндірді. Мұндағы типтік оқу бағдарламасындағы ерекшеліктерді атап өтті. Соның ішінде жаратылыстану бағытындағы пәндерге оқушылардың таңдау пәндеріне сәйкес математика, физика, химия, биология пәндеріне қосымша сағаттардың қосылатындығы жөніндегі ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Және оларды 7- ші сыныптан бастап оқыған кезде 11- ші сыныпқа дейін сол таңдау пәні бойынша бір бағытты ұстану және сол таңдаған пәндері бойынша мамандықтың қандай түрлері бар екенін атап көрсетті. Жиналыста ата - аналар оқу процесінде түйткілді мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды.жиналыста ата - аналар тарапынан, келесі жиналыста оқушылардың пәндік мониторингінің анықталуы және келесі ұйымдастырылған жиналысқа пән мұғалімдерінің де қатысуы жайында ұсыныстар айтылды.
Просмотров: 232


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст